Кеше мұнайлы өңірдегі халықаралық әуежайдан ұшқан АН-12 ұшағынан қара түтін көрінді. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан белгілі болды, - деп жазады Egemen.kz
Осыған орай Атырау халықаралық әуежайының инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Ким түсінік берді. Оның мәліметінше, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшыпты.
"Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алады. Соның нәтижесінде шығарынды пайда болады. Бұл – қалыпты жағдай, кеңестік кезеңде шығарылған ұшақтың барлығында бар. Ұшақ биікке көтеріліп, номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ", - деді Андрей Ким.