Украина алты елдің азаматына визасыз режім орнатты. Тиісті жарлыққа президент Владимир Зеленский қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Украинаның Аустралия, Жаңа Зеландия, Бахрейн Корольдігі, Кувейт Мемлекеті, Оман Сұлтанаты, Сауд Арабиясы Корольдігімен әріптестік қағидаттарын дамыту және тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру аясында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2020 жылдың 1 тамызынан бастап, егер олардың Украинада болу мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын болса: Аустралия, Жаңа Зеландия, Бахрейн Корольдігі, Кувейт мемлекеті, Оман Сұлтанаты, Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтары үшін Украинаға визасыз кіру және Украина аумағы арқылы транзиттік өту режімі белгіленсін, делінген құжатта.