• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 22 Шілде, 2020

Ботай мәдениетінің остеологиялық коллекциялары АҚШ-тан елге қайтарылды

557 рет
көрсетілді

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Сыртқы Істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен  АҚШ-тан келген мәдени құндылықтарымыз Ұлттық музейге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Келіссөздер нәтижесінде 2005 жылы Президенттік мәдени орталық (Астана қаласы) қорынан ғылыми зерттеулер жүргізу үшін АҚШ-қа жіберілген Ботай мәдениетінінің остеологиялық коллекциялары елге қайтарылды. Зерттеу жұмыстарын Жаратылыс тарихы музейінің профессоры, Канзас Университеті Биоалуантүрлілік  институтының археология бөлімінің аға кураторы, доктор Сандра Олсен жүргізген.

Коллекция 2000-2004 жылдар аралығында Ақмола облысының аумағындағы Васильковка және Красный Яр қорымдарында жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған. Бұл мәдени жәдігерлер Ботай мәдениетіне жататын 528 археологиялық заттан тұрады.

Ботай мәдениеті – ж.с.д. 3700-3100 жылдары Қазақстанның солтүстігінде (Ақмола облысы) энеолит дәуірінің археологиялық жауһары іспеттес.