• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Шілде, 2020

Жағдай тұрақталып келеді (Карантиндік шектеулер нәтиже бере бастады)

340 рет
көрсетілді

Әлем жұртын үрей мен үміттің арнасына тоғыстырған індеттің ізі өшті деуге әлі ерте. Дегенмен еліміздегі эпидемиялық жағдай біршама тұрақталу деңгейіне шыққанын атап өткен жөн. Көрінбейтін дұшпанмен жүріп жатқан күрделі күресте күні-түні көз ілмей, елеулі ерлік көрсеткен ақ халатты жандардың еңбегі ерен. Сонымен қатар карантин талаптарын қатаң ұстанып, сыртқа шығып, сырқат көбейтпей, сын сағатта сабырлық танытып, ошағында отырған отандастарымыздың да орны бөлек. Жұрт болып жұмылсақ, жұқпалы дерттің де әлегі басылғалы тұр.

Елімізде Төтенше жағдай режімінің тоқтағаны қауіпті індет жойылғандай қабылданып, барлық жерде қаннен қаперсіз қалыпты тіршілік қайта жанданды. Соның салдарынан індет кең етек алып, азаматтардың амандығына үлкен зардабын тигізе бастады. Вирус меңдеп, талай жақынымыздан көз жазып қалдық. Айналамызда бұл бәлекетке ұшырамаған ағайын кемде-кем. Ахуалдың бұлай ушығуы басқа да мәселелерді көбейтіп жіберді. Ауруханаларда орын жетпей, дәрігерлер үлгер­мей, жедел жәрдем уақы­тында көмек бере алмай халық әбден әбігер болды. Бұл аздай дәрі­ха­налар алдында дүрбелең туып, шағымданған жұрттың қара­сы көбейді. Іздеген дәрі-дәр­мек табыл­май, табылса да құны қалта көтермей біраз қинады. Жығыл­ғанға жұдырық болып, алып­сатарлар да дәрі-дәрмек тап­шылығын тудырып, бағаны тым шарықтатып жіберді.

Осылайша індеттің өршуі­мен қаншама мәселе ушығып кетті. Бұл жағдайдың оңалуына Президент бас-көз болып, Үкі­метке қатаң тапсырма жүктеді. Жағдайды бақылаудан шығарып алған әкім-қаралар сөгіс алды. Содан кейін жоғарыда аталған мә­селелерді реттеу үшін біраз шаруа қолға алынды. Нәтижесінде ахуал біршама тұрақтанған сы­ңай­­лы. Бұл жөнінде Үкіметтің се­лек­­торлық отырысында мәлім болды.

Жиында Қазақстанда эпи­де­миялық жағдайдың тұрақ­талу деңгейіне шыққаны аталып өтті. Республика бойынша корона­вирус жұқтырғандардың өсімі 2,1%-ды құрайды. Ең төменгі өсім тәу­лігіне Шымкентте – 1%, Қы­зыл­орда облысында – 0,9%, Түр­кіс­тан облысында – 0,8%, Ақ­төбе облысында 0,5% тіркеліп отыр.

Жалпы төсектік орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың төсектік орынға дейін ұлғайтылды. Провизорлық төсектік орын­ның бос болмауы 20%-ға (89%-дан 69%-ға дейін) және реани­мациялық төсектік орынның бос болмауы 6%-ға (73%-дан 67%-ға дейін) азайды. Covid-тен сауы­ғып кеткендердің саны 60%-ға көбейді, жедел жәрдемді шақы­рулар 23%-ға төмендеді.

Індетке байланысты ахуал­дың қа­лып­қа келе бас­тауы туралы Денсау­лық сақтау министрі Алексей Цой Орта­лық коммуникация­лар қызметі алаңында да айтып берді. Соның бірі коро­­навирус инфекциясына қарсы вак­цинаның қашан қол­даныла бастайтыны жө­нін­­де болды.

«Қазақстан қазіргі уақытта әртүрлі мемлекеттердің вакцинасын зерттеп жатыр. Бұған дейін айтылғандай әлем елдерінің вакциналары әртүрлі клиникалық зерттеулерден өтеді. Ресейлік вакцинаға қатысты айтар болсақ, әріптестерімізбен се­ріктесе жұмыс жүргізіп жа­­тыр­­мыз. Вакцина клиникалық зерттеулердің бәрінен өтіп, жаппай ел ішінде қолданыла бастағаны туралы ресми мәлім­де­ме жасалғаннан кейін ғана оны елге әкеле бастаймыз», деді А.Цой.

Оның айтуынша, Қазақ­стан­ға ең бірінші кезекте вакциналар бойынша зерт­теуд­ің нақты нәтижелері керек. Министр вакцинаның тиімділігі расталған жағдайда ресейлік әріптестермен Қазақстанға алдыңғы кезекте жет­кі­зу мәселесі келісілгенін жет­­кізді.

«Вакцина шығарушы басқа мемлекеттермен де келі­сімге келіп отырмыз. Оның ішінде Қытайда жасалатын вакциналар бар. Қытайлық мамандар БАӘ-мен бірге клиникалық сынақтар өткізуде. Басқа да вакциналар қазір клиникалық деңгейде зерттеліп, сынақ жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жалпы, бәрімен байланыстамыз. Нәтиже шығатын нақты уақытты күтіп отырмыз. Әлемдік қауымдастық бұл туралы міндетті түрде хабарлайды. Осыдан кейін ғана ең бірінші кезекте қандай вакцинаны алатынымыз туралы нақты шешім қабылданады», деді министр.

Сондай-ақ ол елімізде шектеу шаралары алынып тасталған кезде коронавирус инфекциясы ешқайда жоғалып кетпегенін естен шығармау керек екенін айтты.

«Біз оған үйреніп, күресіп, өмір сү­руіміз керек. Өмір жалғасады. Әр адам ауа райына бейімделеді. Жаңбыр жауса, біз қолшатыр алып, өзімізді су­дан қорғаймыз. Күн суыса жылы киім кие­міз. Мұндайда тіпті ойланбаймыз, бәрі қалыпты жағдай. Қандай шара бол­сын бәрі қашықтан өтуі керек. Егер инфекция болса, қандай да бір эпи­де­миялық кезең басталса немесе ауа арқылы инфекция тараса, маска тағу, жақындарыңызды қор­ғау, әлеуметтік қашықтықты сақтау қа­лып­ты жағдайға айналуы керек. Егер қан­дай да бір шара болса, адамдар бір-бірінен алшақтап, алыстап отыруы керек. Қазір инфекция қатты өршіп кете­ді деп күтпесек те, бұл біздің қалыпты өмірімізге айналуы тиіс», деді А.Цой.