• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Шілде, 2020

Елорда әкімі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты

315 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram желісінде карантин басталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатпағанын және тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Азаматтар көтерген мәселелердің орындалу барысын қарау және бақылау үшін электронды карталар жүйесі құрылды. Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады", дейді қала басшысы.

Қала басшысының айтуынша, қордаланған мәселелердің қатарында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша қасбетті нығайту, шатырды ауыстыру, кіреберістерді жөндеу және тағы басқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендері жөндеуден өтіп, соның 130-дан астамы жеделсатыға ауыстырылады. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартатынын тілге тиек етті. Алтай Көлгінов: "Сонымен бірге апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тізімде салынғанына 90 жыл болған үй де бар. Көтерілген мәселелер бақылауда", дейді елорда әкімі.