• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Түркістан облысында "Дәріхана" қосымшасына 35 мыңға жуық азамат тіркелген

352 рет
көрсетілді

Дәрі-дәрмек қажеттілігіне байланысты арнайы іске қосылған "Дәріхана" мобильдік қосымшаны Түркстан облысының тұрғындары тиімді пайдалана бастады, - деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, қосымшаға 35 мыңға жуық азамат тіркеліп, өзіне қажетті дәрі-дәрмектерді табуға мүмкіндік алған.

Мысалы, шілде айының 14-23 күндері аралығында қосымшадан тұрғындардың 187 311 рет дәрі-дәрмек іздегені белгілі болды.

Сондай-ақ, қосымшада кейбір медициналық препараттарға сұраныс артып, халықтан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы облыс көлемінде бағдарламаға 7 дәріхана іздеу жүйесіне қосылса, 531 дәріхананың тізімдері мен мекен-жайы енгізілген. Яғни түркістандықтар дәріхананың мекен-жайын, байланыс нөмірін және іздеген дәрісінің бар-жоғын қосымша арқылы біле алады.

Сондай-ақ, дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса, "шағымдану" бөлімі арқылы шағым жасау мүмкіндігі бар.