• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2020

COVID-19: Пандемияның да пайдасы болғандай

1644 рет
көрсетілді

Кәрі құрлық Еуропа қартайып келеді, бала туу азайды деп қауіп айтып жүргенде пандемияның да пайдасы тиетіндей, - деп жазады Egemen.kz

"Sveriges Radio" Стокгольм мен елдің көптеген қалаларында тұрғындардың үйде оқшаулануы швед балалардың өмірге көптеп келуіне жол ашатынын айтады.

Линчёпинг Университет ауруханасының мамандары Covid-19-ға қарсы антиденеге жаппай тест жүргізу аса тиімді болмайды деген тұжырымдарын жариялаған, бұл жайында да "Sveriges Radio"-ның жаңалықтар қызметі 23 шілдеде хабарлады.

Жалпы Швеция бойынша КВИ-ден көз жұмғандардың 5676 адамды құрап, оның 9-ы соңғы тәулікте өмірден озып, жаңадан 259 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Ал 58 пациент Covid-19-дың ауыр түрімен науқастанып, реанимация бөлімдерінде емделу үстінде.