"РИА Новости" Жаңа Орлеандағы LSU Health университетінің патологанатомдары SARS-CoV-2-тің Вестминстер университетінің ғалымдары айтқандай жүрек еттерін тұтас қабындырады (миокардит тудырады) деген тұжырымындай емес, өзгеше әсері барлығын анықтағаны туралы жазады.
Профессор Ричард Вандер Хайденің пайымында вирус жүрек еттерін толық емес, тек жеке жасушаларын өлтіріп тастайды екен, сонымен бірге SARS-CoV-2 жүректің өзінде орнықпай, тек ұсақ қан тамырларында болатын көрінеді.
Олар бұл ойға 44 пен 72 жас аралығындағы COVID-19-дан көз жұмған 22 пациентке, 10 еркек, 12 әйелге жасаған зерттеулер нәтижесінде келіп отыр екен.