• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:32

Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

40 рет
көрсетілді

«Қазцинк» аумағындағы жарылыс салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыстан кейін шыққан өрт оқшауланған. Құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды

Оқиға орнында 40 құтқарушы мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрды. Өрттің жалпы аумағы әзірге нақтылануда.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар