• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2020

Мұғалімдер "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінен біліктілік арттыруда

520 рет
көрсетілді

Биыл  қызылордалық 160 педагог "кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні бойынша оқу курсынан өтеді. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жанна Сқакова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алғашқы лек 13-24 шілде аралығында онлайн форматта ұйымдастырылды. Оқу курсын тәжірибелі бизнес-тренерлер өткізеді, сондай-ақ тыңдаушыларға "Атамекен" ҰКП жобалық тобы осы жылдың соңына дейін ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді.

Оқу курсы аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады. Мұғалімдер бағдарламада ұсынылған материалдарды тәжірибеде қолданып, мектеп оқушыларына бизнес-пайымдау, бизнесті жүргізу дағдыларын үйретеді.

Бірінші лек 63 мұғалімді қамтыса, 3-14 тамыз аралығында өтетін екінші лек оқуына 60 педагог қатысады. 17-28 тамыз аралығындағы үшінші лекке 37 адам қатысады деп жоспарлануда. 

Осыған дейін 15-26 маусымда аймақтағы колледждердің 19 оқытушысы да осы пән бойынша біліктіліктерін арттырған. Сертификаттарын алған оқытушылар қыркүйек айынан бастап сабақ беруге дайын.