Қызылорда облысының Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуалға қарамастан той жасаушылар тиылмай отыр, - Еgemen.kz.
Жиырмасыншы шілде күні аудан әкімдігі жанынан құрылған мобилді топ Әйтеке би кентінде жұртты жиып, қуанышын атап өтпек болған тұрғынды анықтаған еді. Аудандық полиция қызметкерлері шақыртылып, үй иесіне хаттама толтырылды.
Карантин талаптарын сақтамай той жасаған кент тұрғынына аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде, яғни 83340 теңге айыппұл салды.