• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 24 Шілде, 2020

Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысының экологиясына қатысты пікір білдірді

422 рет
көрсетілді

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүр. Онда ол "Қазхром" ТҰК Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік алаңына барып, сондай-ақ өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мен Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүрмін. Бір күн бұрын "Қазхром" АФЗ-ның өндіріс алаңын араладым. Компания басшылығына N1, 2 цехтарының қалдықтарын 30%-ға азайту жөніндегі алған міндеттемелерін мүмкіндігінше тезірек орындау қажеттігін нұсқадым", - деп жазды министр жұмада.

"Сонымен қатар, "Қазхром" жалға алған мердігер компаниялардың жұмыстарды орындамауы салдарынан жинақталған қалдықтарды тиісті дәрежеде ұқсату үшін жедел шаралар қабылдауы керек", - деп толықтырды Экология министрі.

Министрдің айтуынша, осы және басқа да мәселелер министрліктің келесі аптадағы жиынында қаралады.

"Сондай-ақ облыстағы су ресурсының жағдайын, өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды құру және жаңғырту жұмысының барысымен таныстым. Өңірде бұл жұмыстардың оң нәтижесі білінеді: фермерлер жаңа жерлерді игеруде, жоңышқа егінін көбейтуде (жылына 4 рет өнім алады), шикізатты өңдеп, экспортқа жіберуде. Сондай-ақ, сүт фермаларын дамыту жоспарланған. Алдағы міндет - облыстағы суармалы жерлерді 32 900-ден 69,967 га-ға дейін ұлғайту" , - деді Мырзағалиев.