• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Шілде, 2020

Нұротандықтар өңірлерге көмек көрсетуде

110 рет
көрсетілді

Партиялықтар медициналық мекемеге оттекті концентраторлардың кезекті партиясын тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Nur Otan партиясының мүшелері, «Жарқайын» ЖШС басшысы Виталий Камышанский және "Пищепромторг" ЖШС басшысы Иван Попов Ақмола облысы Жарқайың ауданының провизорлық стационарына 5 оттегі концентраторын табыстады. Аппараттарды сатып алуға 2,5 миллион теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл аппараттар жергілікті кәсіпкерлердің, аудан тұрғындарының және партиялықтардың өз қаражаты есебінен сатып алынды.

"Бұл аппараттар науқастарға өте қажет. Енді біздің ауруханада 5 оттегі концентраторы бар. Бұл аппараттар өкпесі қабынып, оттегі жетіспеушілігінен жағдайлары қиындаған науқастарға көмектеседі", - деп  аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Махамбет Досмұратов Жарқайың ауданының провизорлық стационарына көмек қолын созған жергілікті кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

"Біз үшін мұндай демеушілік көмек әрдайым құнды, өйткені түнгі уақытта бізге ауыр халдегі пациенттер келіп түседі, оларға концентраторлар қажет. Ал мұндай портативті концентраторлар өте ыңғайлы, біз оларды кез келген жерге апара аламыз және пациентке жеткізе аламыз", - деді Маханбет Манасұлы.

Сонымен қатар, Nur Otan партиясының елордалық филиалы  көп балалы 3 отбасыға және балаларға әлеуметтік көмек көрсетті. Оларға барлық қажетті дәрі-дәрмектер (ыстықты төмендететін дәрі-дәрмектер, витаминдер, медициналық маскалар, қолғаптар және т.б.), азық-түлік-шаруашылық себеттер, кеңсе тауарлары және балаларға арналған тәттілер жеткізілді.

Nur Otan партиясының барлық мүшелерінің жасы мен қызмет саласы әр түрлі болғанымен оларды біріктіретін – көмектесуге деген ниет.