• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Шілде, 2020

Ералы Тоғжанов Маңғыстаудағы медицина орындарының жұмысын тексерді

741 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары аясында уақытша провизорлық стационарға ауыстырылған Маңғыстау облыстық ауруханасының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы Серікбай Трұмов қауіпті індетпен күресте жасалып жатқан шаралар мен науқастарды емдеу тәсілдері туралы айтты.

Сонымен қатар, үкіметтік делегация халыққа көрсетілетін тегін медициналық көмектің 24 түрі бойынша қызмет етіп жатқан қалалық емхананың жұмысын тексерді. Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы емханалардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесіндегі үш бағытқа ерекше тоқталды. Олар мобильді топпен үйде симптомсыз жұмыс істеу, пациенттерді онлайн-қабылдау және емханада науқастарды екі аймаққа бөлу арқылы тікелей емдеу. Жалпы, Маңғыстау облысында “COVID-19” індетімен күресу үшін 2000-ға жуық медицина қызметкерлері жұмылдырылып, 126 мобильді топ ұйымдастырылды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.