• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 25 Шілде, 2020

Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді

731 рет
көрсетілді

Министрлік мамандарымен бірге журналистер мен блогерлер рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтап, суретке түсіріп, бейнетүсірілім жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Экология министрлігі елдегі стихиялық қоқыс проблемалары және рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтын ел азаматтары мен компаниялардың санадан тыс әрекеті туралы хабарлады. Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың экологиялық мәдениеті мен мектептерде тиісті пән енгізу қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Тағы бір үлкен проблема - Щучинск, Бурабай және басқа да елдімекендердің, ірі демалыс орындарының жанында рұқсат етілген полигондардың болмауы. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, қолданыстағы полигондар көбінесе заңсыз, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, жол бойында жиі орналасады, өртеніп жатады. Сонымен қатар, халықтан қоқыс шығару үшін жиналған ақшаның қайда кететіні белгісіз, деді Комитет басшысы. 2015 жылы Экология министрлігі үлкен айыппұл сала отырып, Бурабай маңындағы рұқсат етілмеген полигонның қызметін тоқтатты.

"Жергілікті әкімдік басқа ауылдық округте жаңа полигон салуға уәде берді. Бірақ бұл мәселенің шешімі кешеуілдеуде", - деді З. Жолдасов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кейбір елдімекендер мен демалыс базаларында тазарту қондырғылары жоқ болғандықтан, экологиялық жағдай нашарлауда. Соның бірі – Қазақстандағы ең көрікті жердің бірі – Бурабай.

"Бурабай, Зеренді және Щучье ауылдарында тазарту қондырғысы салынғанмен, пайдалануға берілмеген. Жалпы, бұл стихиялық қоқыстардың пайда болуына әкеліп соғады. Халық қалдықтарды далаға тастауға мәжбүр", - деді Комитет басшысы.

"Экология министрлігі бұл мәселені жергілікті әкімдіктердің алдына қойып, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін жаңа полигондар мен тазарту нысандарын салу туралы оң шешім іздеуде. 

Сонымен бірге, министрлік бірнеше рет дабыл қағып, азаматтарды демалыс орындарында қоқыс тастамауға, оны стихиялық қоқыс орнына тастамай, өздерімен бірге алып кетуге шақырған еді.     

Экология министрлігінің ҚР ІІМ мамандарымен, қорғалатын табиғи аумақ инспекторларымен, қоғам белсенділерімен және журналистермен бірлескен демалыс орындарына рейдтері бүкіл Қазақстан бойынша жаздың соңына дейін демалыс күндері, туристердің жаппай келу маусымында жалғасады. Сонымен бірге, егер экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталса, заңбұзушыларға айыппұл салуға дейін қатаң шаралар қолданылады, деп хабарлады министрлік.