• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 25 Шілде, 2020

Дала жануарларының мүйізін заңсыз жинаған азамат ұсталды

303 рет
көрсетілді

ҚР азаматы заңсыз дала жануарларының мүйізін  жинағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2020 жылғы 23 шілдеде ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаменті әскери қызметшілері табиғатты қорғау полициясымен бірлесе "Бұланбай" мекенінде ҚР азаматы "Ш.О." шекара белдеуінде дала жануарларының мүйізін заңсыз жинағаны (ҚР ӘҚБТ Заңы 370-бабы, 3-тармағы "дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты тыйым салынған немесе орман билетімен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау") үшін ұсталды. Туындылардың жалпы салмағы 10 кг құрайды.

Материалдар тергеу тәртібі бойынша Зайсан ауданының табиғатты қорғау полициясына берілді.