• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Шілде, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 16 миллионға жуықтады

102 рет
көрсетілді

Әлем бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 16 миллионға жуықтады.  Мәселен, АҚШ, Үндістан сияқты алып мемлекеттерде ондаған мың адам коронавирус жұқтырды.  Соңғысы өзінің Кашмир аймағын шілденің соңында қайта карантинге жапбады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Австралияда осы вирустан бір күнде қайтыс болғандар саны рекорд жаңартып отыр. Ал, Санкт-Петербургте пневмонияға шалдыққандар бірнеше есеге көбейді. 

 

АҚШ-та жарты айда бір миллион адам коронавирус жұқтыратын болды. Қазір мұндай наусқастардың жалпы саны 4 миллионнан асып, 145 мыңға жуығы қайтыс болды. Өткен тәуліктің өзінде COVID-19 диагнозы 84 жарым мыңдай адамға қойылған.

"Ассоушиэйтид пресс" агенттігі жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, америкалықтардың төрттен үш бөлігі үйден шыққанда маска тағуды талап етуді қолдап отыр.

Ал Испанияның Мадрид аймағында тіпті үйде де маскамен жүруге кеңес беріліп отыр.

"Біз сақтану шарасы ретінде жеке кеңістікте өздеріңізбен бірге тұрмайтын адамдармен кездескенде  маска тағуға кеңес береміз. Өйткені, жұқтырғандардың көбі бұл  ауруға отбасылық жиыдардан соң шалдықты".

Жапонияда да пандемия қайта күш алды. Соңғы 24 сағатта мұнда 981 адамнан «ковид» табылды. Дәрігерлердің сөзінше, мұны эпидемияның басынан бергі рекорд деп атауға болады.

Санкт-Петербургте госпитальге жүгінбеген  азаматтардың ішінде пневмонияға шалдыққандардың саны 10 есе өскен. Ауру мамыр айында өршіді. Осы жылдың алғашқы бес айында бұл індеттен отыз мыңға жуық адам қайтыс болды.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте 49300-ден астам тұрғын коронавирус жұқтырып, 740 адам о дүниеге аттанған. Бұл да  рекорд. Пандемия басталғалы оңтүстіказиялық мемлекетте 1 миллион 200 мыңдай адамнан жаңа вирус анықталды.