2020 жылғы 24 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолдану және ерікті жасақтардың көмегімен Мемлекеттік шекараны бұзушыны тауып, ұстады, - деп Egemen.kz ҚР Ұлттық Қауіпсіздің комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мән-жайды анықтау барысында Қырғыз Республикасының азаматы адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ішкі істер органдарымен іздеуде екені белгілі болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.