• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Шілде, 2020

Ералы Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық жағдайды тексерді

724 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың өңірге жұмыс сапары аясында "СК-Фармация" ЖШС-нің қоймаларын, медициналық мекемелердің бір айлық тұрақты қормен қамтамасыз етілуін тексерді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазір дәрі-дәрмекпен қамту жолға қойылған. Атап айтқанда, "СК-Фармация" апта сайын 338 түрлі препараттар жеткізіледі. Мұның сыртында облыстың дәріханаларына соңғы екі аптада  80 тонна дәрі-дәрмек әкелінген.

Негізгі медикаменттер бойынша облыстың барлық медициналық мекемелерінде бір айлық  қор бар. Алайда, қажетті сегіз дәрі бойынша қор бір аптаға ғана жетеді. «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Е.Искалиев аталған мәселені үш күннің ішінде шешуге дайын екенін жеткізді.

Ералы Тоғжанов  "СК-Фармация" компаниясына облыс әкімдігімен бірлесе отырып, үш айлық медикаменттер қорын қалыптастыру үшін өтінім беру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру мақсатында  шұғыл шешімдер қабылдау үшін жиын өткізілді. Жиын соңында медициналық мекемелерді өкпені жасанды желдету аппараттарымен және оттегі концентраттарымен толық жабдықтау үшін нақты шешім әзірленіп,  протоколдық тапсырмалар қабылданды.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірге сапары аясында  инфекциялық станционар ретінде жұмыс істеп жатқан Атырау облыстық №2 ауруханасына да барды.  Онда барлығы 1557 адам коронавирус инфекциясымен түсіп, олардың  1386-сі жазылып шыққан.

Облыста қазіргі кезде инфекциялық орындар 60 пайызға артқан. Ал шілде айының басынан бері аталған орындар 83 пайыздан 61,7 пайызға дейін босаған. Қосымша сапалы медициналық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін кол-орталық ұйымдастыру арқылы жәдел жәрдемге түсетін қоңыраулар 1300-ден 700-ге дейін азайған. Күн сайын рейд өткізетін 114 мониторингтік топ 563 бұзушылықты анықтап, 10 миллион теңгеден астам соманың айыппұлы салынған.