Елімізде қауіпті індет кезінде қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы тұтас жойылды деуге болады. Әр өңірге жан-жақтан дәрінің түрлері жеткізіліп жатыр. Мәселен, Нұр-Сұлтанға медициналық препарттардың кезекті партиясы келді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Екі жарым миллион қорап дәрі Covid-19 бен пневмонияны емдеуге арналған. Олар негізінен антибиотиктер мен вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрілер. Қазір барлығы дәріханаларға үлестіріліп жатыр. Осылайша елорда әкімдігі препараттардың қажетті қоры бар, тапшылық болмайды деп отыр.