Кәмелетке толмағандарды зорлық көрсеткен қылмыскерлер туралы мәлімет картасы infoPublic.pravStat.kz сайтына жүктелген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың жеке басына, қылмыс жасаған мерзімі мен аймағына қатысты ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және есепке алу комитетінде тіркеледі. Құқық қорғаушылар сақтық үшін ата-аналарға мәлімет картасын қарап шығуға кеңес береді.
Статистикаға сүйенсек, өткен жылы еліміз бойынша 1 жарым мыңдай педофил мен 2800-ден аса зорлықшы есепте тұрған. Ал қазір республикалық түзеу мекемелерінде жасөспірімдерге сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен 1600-дей адам жазасын өтеп жатыр.
Еске салайық, осыдан үш күн бұрын да бес жасар қызға озбырлық көрсеткен күдікті қамауға алынды. Оқиға Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында болған. Тергеу жүріп жатыр. Президент жағдайды өз бақылауына алды.