Қызылордада заңға бағынбай, лицензиясыз дәрі-дәрмек сатқан дәріхананың жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тиісті рұқсаты болмаса да жұмыс істеп келген нысанда елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмектер сатылған. Облыстық прокуратура жанынан құрылған мобильді топ рейд кезінде белгісіз дәріхананы тексеріп, заңсыз әрекетін әшкереледі.
Сондай-ақ, кәсіп иесі дәрі сатып, тар бөлмеде алғашқы медициналық қызмет көрсетіп келген. Құзырлы орган өкілдері сол жерде барлық дәрі-дәрмекті тәркілеп, тиісті хаттама толтырды. Дәріхана иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.