• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Шілде, 2020

COVID-19: Иіс сезуді жоғалтудың әсері қандай?

991 рет
көрсетілді

Гарвард Медицина мектебінің нейробиолог ғалымдары КВИ әсерінен иіс сезуді жоғалтуға байланысты зерттеулер нәтижесін жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Гарвардтық бір топ ғалымдар COVID-19-бен ауырған адамдардың сол кезеңде иіс сезу қабылетінің неліктен жоғалатынын зерттеген.  Сарапшылар зерттеу нәтижесінде вирустың мұрын қуысындағы нейрондарды зақымдауының әсерінен миға белгі жіберілмейді деп келген ойдың теріс екенін айтты.

"Science Advances" журналында 24 шілдеде жарық көрген зерттеуде вирус тікелей нейрондарды емес, оның қызметіне әсер ететін жасушалар жұмысына кедергі болатыны, сондықтан да КВИ нерв жүйесіне айтарлықтай зақым келтірмейтіні жазылған. Ғалым Сандип Роберт Датта ауру барысында нейрондарға мұндай жанама әсер оның қызметін бұзбайды, тәуірлеген соң иіс сезу оралады, зілі болмайды, дейді.