• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2020

Алматы түнгі уақытта жұмыс істеген екі мейрамхана анықталды

151 рет
көрсетілді

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі мейрамхана анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы polisia.kz ақпараттық ресурсы мәлімдеді. 

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан. Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды.

Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.