• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2020

"Nur Otan" партиясының жәрдемі көбеюде

204 рет
көрсетілді

Партияның солтүстікқазақстандық филиалы еріктілермен бірге Петропавлдағы провизорлық стационарға адамның бойындағы иммунитетін көтеретін дәрумендері көп, қуатты тағамдар жеткізуді жалғастыруда. Бірнеше жәшікке салынған жемістер мен көкөністер, бал, қымыз және т.б. дерт меңдеген жандарға қуат берері сөзсіз. Сонымен бірге ансептик және гигиеналық құралдар да әкелінді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Партияның "Jas Otan" жастар қанатының бастамасымен болып жатқан "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы бұрын Тайынша ауданындағы Келлеровка селосындағы провизорлық стационардың қызметкерлеріне де көрсетілгенін бұрын жазған болатынбыз. Мына көмек сол акцияның жалғасы екен.

Демеушілік көмекті жасотандықтар петропавлдық кәсіпкерлер арасынан тапқан. "Соның ішінде "Радуга» ЖШС, «Южный", "Дария", "ЦОТ" базарлары бар. Олардың көмектеріне, дәрігерлерді қолдағандарына алғысымыз шексіз", дейді  "Jas Otan" кеңесшісі Әкімжан Төлебай.

Нұротандықтар көмек көрсеткен провизорлық орталық Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жатақханасының негізінде ұйымдастырылған. Қазір онда 200 ем алушылар орны бар. Сырқат жандарға 40 медициналық қызметкерлер көмек көрсетуде. Олар нұротандықтардың қамқорлықтарына өздерінің ризашылықтарын білдірді.

ҚЫЗЫЛЖАР