• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Шілде, 2020

Тамызда күн райы қандай болмақ?

996 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева тамыз айының ауа райы болжамын жариялады.

«Тамыз – жаздың соңғы айы. Ауаның орташа температурасы тамыз айында шілде айына қарағанда солтүстікте 2-2,5 градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 градусқа тө­мен бола­ды. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градусқа, оңтүстікке қарай жо­ғарылай отырып қиыр оң­түстікте 27-29 градусқа жетеді. Консультативті бол­жамға сәйкес жаздың соңғы айы климаттық норма шамасында болады деп күтілуде. Тамызда ауаның орташа айлық температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде қалыпты болады. Солтүстік жартысында норма – 17-22 градус», деді Данара Әлімбаева.

Оның айтуынша, шығыс аймақ­тардың таулы-бөктерлі аудан­дарында 15-16 градус, батыс және оңтүстік ай­мақтарда 23-27 градус шамасында сақ­талады. Ауа температурасы қалыпты шамада болады.

«Осыған қарамастан ауа массала­рының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын, жауынды күндер қатар болады. Бұл Скандинавия аймағынан суық ауа массаларының енуіне және Жерорта теңізі мен Иран­нан шығатын оңтүстік цик­лондармен байланысты. Тамыз айында жауын-шашын мөлшері ресупбликаның басым бөлігінде қалыпты болады. Рес­публиканың оңтүстігінде қа­лыпты – 2-9 мм, батыс пен орталық – 11-24 мм. Нормадан көп күтілетін өңірлер: Солтүстік Қазақстан облысында – 40-53 мм, Қостанай облысында – 17-55 мм, Ақмола облысында – 20-41 мм, Пав­лодар облысының солтүстік батысында – 23-40 мм, Қара­ғанды облысында – 11-17 мм, Батыс Қазақстан жә­не Ақтөбе облыстарының солтүстігінде – 17-27 мм, Ал­маты облы­сының таулы және тау-бөктерлі аудан­дарында – 18-90 мм», деді «Қазгидромет» РМК директоры.