Нұр-Сұлтан қаласының Цифрлық қаржы сервистері саласындағы пионер Beeline Қазақстан компаниясы – Қызылорда қаласында қоғамдық көліктегі жол ақысын төлеудің заманауи, әрі қауіпсіз әдісін ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қала тұрғындары мен қонақтары жол ақысын екі тәсілмен төлей алады.
"Менің Beeline" мобильді қосымшасы: бас парақшада "Көлік" тарауын таңдап, көлік кодын енгізіңіз де, QR-кодты сканерлеңіз. "Төлеу", басыңыз да, бұдан әрі билетті алу үшін "Билетті алу" басыңыз. Жол жүрудің электрондық билеті 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде қосымша келеді. SMS-хабарлама: жол жүруге төлеу үшін 2505 нөміріне көлік коды бар SMS жолдау керек. Жауаппен бірге пайдаланушы SMS-хабарлама түрінде электрондық билетті алады, оны бақылаушыға көрсетуге болады. SMS жолдау тегін.Көлік коды мен QR коды автобус салондарындағы жапсырмаларда орналасқан. Сервис 1, 2, 11, 14, 17, 18 маршруттарында қолжетімді. Жол жүру ақысы: 90 теңге.
Сервисті іске қосу Цифрлық қаржы сервистерінің қызметі Сату және өңірлік даму бөлімінің бастығы Анастасия Ли түсіндіреді: "Енді Қызылорда қаласында Beeline клиенттері жол жүрісін заманауи және қауіпсіз тәсілмен өзіңіздің мобильді телефонының теңгерімінен SMS немесе QR-код арқылы төлеу мүмкіндігі туралы хабарлауға қуаныштымыз. Телефоннан төлеу – бұл тез, ыңғайлы және қауіпсіз, себебі ол әрдайым қол астында болады. Бірнеше кликтер – жол жүру SMS-билетін аласыз. Сондай-ақ абоненттерімізге жол жүруді төлеуден кэшбэкті алуға мүмкіндік беретін акцияларды іске қосуды жоспарлаудамыз, компания жаңалықтарын өткізіп алма".