Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр", - деді ол.
Министр мемлекеттік телеарналар халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындауды жалғастыратынын айтты.
"Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан әрі жандана түсетінін баса айтқымыз келеді", - деді ол.
Айта кетейік, "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатады.