Түркістан облысында дәріханалардағы дәрілердің тапшылығы мен бағасы бақылауда, деп хабарлайды Egemen.kz
Осы орайда Сайрам ауданында да тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінде шектік баға сақталып отыр. Алайда кейбір дәріханада бірен-саран дәрілердің жоқ екендігі белгілі болды. Олар жайлы дәріхана иелері тарапынан жеткізіп беруші компанияларға сұраныс берілген.
Сайрам ауданында 29 дәріханамен меморандум түзілген. Барлығына еріктілер бекітілген. Олар күнделікті дәрілердің шектік бағаларының сақталуына мониторинг жасайды. Дәріхана сатушылары мен алушы азаматтарға карантин талаптарын қатаң сақтау, бетперделік режім мен әлеуметтік арақашықтықты ұстану бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.