• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2020

Қазақстанда 2 475 жеңіл және коммерциялық көлік экспортталды

327 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстанда көлік құралдарының барлық түрінің 32 701 бірлігі өндірілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусым  айларымен салыстырғанда 58,6% - ға артық, сол кезде шығарылым 20 608 бірлікті құраған болатын. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 2 475 жеңіл және коммерциялық автокөлік экспортталды., ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде барлығы 2,2 млрд теңге сомасына 607 автомобиль экспортқа жіберілді.

2020 жылы автокөлік экспорты келесі елдерге келді:

Өзбекстан Республикасы – 16,0 млрд теңге сомасына 1804 автокөлік (2019 жылы-0);

Ресей Федерациясы-2,7 млрд теңге сомасына 618 автокөлік ,

(2019 жылы 2,17 млрд теңге сомасына 598 авто);

Қырғыз Республикасы-163 млн теңге сомасына 48 автокөлік (2019 жылы 5,5 млнтеңге сомасына 1 автокөлік));

Беларусь Республикасы-32 млн.теңге сомасына 5 автокөлік  (2019 жылы 72 млн теңге сомасына 8 автокөлік ).