• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2020

Байланыс операторлары тарифтер бағасын қымбаттатады

1005 рет
көрсетілді

Байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифін қымбаттатады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

1 тамыздан бастап еліміздегі кейбір байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифтерін қымбаттатады. Яғни бұрыннан келе жатқан тарифтік жоспарлардың шарттары өзгереді. Әзірге құны қанша процентке көтерілетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

Байланыс тарифтеріндегі өсім Ресейде де байқалады. Мұнда үйдегі интернет ақысының жылдық өсімі 15 процентке дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, каранитн кезінде тұрғындар көп уақытын интернетте отырумен өткізді. Жүктемесі ауыр контенттерді қолдана бастады.

Сондықтан байланыс операторлар тиімсіз ескі тарифтердің құнын өсіру арқылы тұтынушыларды жаңа тарифтерге ауысуға итермелейді.