• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2020

Атырауға 20 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

169 рет
көрсетілді

Қауіпті індеттің таралуын тежеу үшін Атырауға  20 тонна медициналық препараттар  жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың мәлімдеуінше, оның ішінде аспирин, азитромицин, цефазолин, цефтриаксон, система қоюға арналған сұйықтық, офлоксацин және  өзге де  дәрі-дәрмектер бар.

"Соңғы екі аптада өңірге 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілген еді. Бірақ,  дәріханаларда қауіпті вирусқа қарсы, сондай-ақ, қызу түсіретін дәрілердің әлі де  жетіспейтінін анықтадық. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ тарапынан арнайы қаражат бөлінді. Бұл кәсіпорын бөлінген қаржыға Ресейдегі Нижний Новгород қаласынан 20 тоннаға жуық медикаментті сатып алып, "Теңізшевройлдың"  ұшағымен жеткізіп берді", деді Ержан Әбілханов.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен алдағы үш-төрт күнде тағы да 40 тонна дәрі-дәрмек әкелінбек.