• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Алтай Көлгінов коронавирус бойынша елордадағы ахуалды баяндады

150 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақтың едәуір азайғанын мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

"Жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 73-ке дейін азайды. Жалпы шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1000-ға дейін төмендеді. Пневмониямен жатқан азаматтар саны 45%-ке (1348 ден – 746 ға деін) азайды. Стационарлардың жүктемесі 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді", деді А. Көлгінов.

Қала әкімінің айтуынша, ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орындар, 350 оттегі концентраттарын, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алдық. Қосымша тағы да медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда.Компьютерлік томограф арқылы тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізілуде. Нәтижесінде стационарларға түскен салмақ едәуір азайды."Қаладағы колледждерден 275 жас маман емханаларда жұмысқа орналасты. Медициналық университеттен 300 студент жұмылдырылды. Олардың 71 жұмыстарын бастап кетті.Жалпы алғанда оқу орындарынан 500-ден астам жас медициналық мамандар тартудамыз. Оларға елордалық дәрігерлермен бірдей еңбек және демалыс жағдайы қарастырылған" , деді Алтай Көлгінов.Сондай-ақ дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, дистрибьютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді."12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы жеткізілді", деді қала әкімі.Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні шамамен 1-айға жеткілікті қор қалыптастырылды."Бір апта бұрын 3 аурухана, атап айтқанда: № 1 және 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, № 2 көпсалалы аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастап кетті.Психкалық денсаулық орталығынан кеше соңғы пациент жазылып шықты. Жақын күндері орталық өз пациенттерін жоспарлы түрде қабылдайды. 3 тамыздан бастап барлық калалық емханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастайды. Тамыздың 15-не дейін біртіндеп босап жатқан стационарлар санын қысқарту есебінен барлық ауруханалардың толық жұмыс жасауын қамтамасыз етеміз", деді елорда әкімі.