Жапонияның теміржол компаниясы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған роботтардың бірнеше нұсқасын көпшіліктің назарына ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қабырғалар мен едендер және орындықтарды дезинфекциялайтын құлтемірлерді жаңадан ашылған станцияда сынақтан өткізді. Олардың біреуі жұмыс істейтін ғимараттар мен нысандардың көлемін есінде сақтайды. Тағы біреуі орнатылған лазер датчиктер мен 3D бейнекамералардың көмегімен жолында кездесетін бөгеттер мен адамдарды айналып өтеді.
Компания өкілінің дерегінше, роботтар сынақтың тағы бірнеше кезеңінен өтуі тиіс. Ал жетілдірілгеннен кейін, осы құлтемірлерді алдағы төрт жылда ендіру көзделіп отыр.