• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2020

Ұлттық саябақтардағы заңбұзушылықтар бойынша қайда шағымдану керек?

268 рет
көрсетілді

Енді кез келген азамат Ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заң бұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады деп, мәлімдеді Экология министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Қазірдің өзінде бізге Ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заң бұзушылық жойылды. Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз", - деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жедел желісінің нөмірі: +7777 6785252.

Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ, заң бұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, Ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.

Осылайша, елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі" проблемасын көтерген болатын. Өткен демалыстан бастап Экология министрлігі ҚР ІІМ қызметкерлерімен, қоғам белсенділерімен бірлесіп, адамдар демалатын табиғи және ерекше қорғалатын аумақтарда рейд өткізіле бастады. Заң бұзушылық болған жағдайда түсіндіру жұмысы жүргізіліп, айыппұл салынады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Бұдан бұрын Экология министрі Ұлттық парктерде "шашлык туризмі" болмайтынын атап өткен. Ұлттық парктерге келушілерді министрлік экотуризмді дамыту, оның ішінде аяқжолдар мен қажетті инфрақұрылым салу арқылы тартпақ.

Министрлік қарамағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер тізімі:

1. Іле-Алатау МҰТП2. "Көлсай көлдері" МҰТП3. Шарын МҰТП4. "Алтын-Емел" МҰТП5. "Көкшетау" МҰТП6. Баянауыл МҰТП7. Қатон-Қарағай МҰТП8. Сайрам-Өгем МҰТП9. "Бұйратау" МҰТП10. Қарқаралы МҰТП11. Жоңғар-Алатауы МҰТП12. "Тарбағатай" МҰТП