Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес құрылыс материалдарын өндіру экономиканың басым бағыттарының бірі. Құрылыс материалдары өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 6% құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазір 1965 кәсіпорында 29 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Айта кету керек, соңғы 10 жылда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 176 млрд теңгеден 586 млрд теңгеге дейін 3 есеге өсті.
"Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысында құрылыс материалдарына деген сұраныс айтарлықтай артты. Мәселен, елімізде жыл басынан осы жылдың мамырына дейін силикат пен шлак кірпіштерінің өндірісі 428 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82 мың тоннаға көп. Керамикалық кірпіш өндірісі де ұлғайды. Егер 2019 жылдың алғашқы бес айында 1 293,8 мың текше метр өндірілсе, биыл қаңтар-мамыр аралығында 1 371,1 мың текше метр шығарылған.
2019 жылдың наурыз айында құрылыс материалдары саласын 2021 жылға дейін дамытудың Жол картасы қабылданды. Осы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру аясында цемент өнімдері мемлекеттік сатып алудың мемлекеттік режимінен алынып тасталды және шартты түрде өндірілетін өнім тізімінен шығарылды. Сонымен қатар, цементті үшінші елдерден әкелуге 6 айға тыйым салынды.
Құрылыстағы қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық база жасалды, оның талабы - бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша қазақстандық құрылыс өнімдерін міндетті түрде пайдалану.
Бұл нұсқаманы ескере отырып, қолданылатын құрылыс материалдарының номенклатурасын көрсететін, тауардың кодын, сондай-ақ шығу тегі туралы сертификаттарын, есептік парағын және нақты атқарылған жұмыс актілері жергілікті мазмұнды бақылауға арналған материалдардың шыққан елін қарастырады.
Бұл отандық материалдарды жобалық-сметалық құжаттамада келтірілген импортталатын материалдармен негізсіз ауыстыруды азайтады, сонымен қатар жұмыстың тиімділігі мен техникалық инспекторлар мен тапсырыс берушілердің құрылыс жобаларында жергілікті қамтуды сақтау жауапкершілігін арттырады. Сараптамадан өткен барлық жобалардың қысқаша қорытынды парақтары орналастырылған портал жасалды.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алудың типтік шартына өзгерістер енгізілді, бұл отандық тауар өндірушілердің тізіліміне сәйкес материалдарды сатып алуды талап етеді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың аяғына дейін экономикалық өсуді қалпына келтірудің Кешенді жоспарын іске асыру аясында отандық тауар өндірушілердің талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында түзетулер әзірленіп Әкімшілік Кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасына енгізу үшін Әділет министрлігіне ұсынылды.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда құрылыс индустриясын қажетті өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында импортты алмастыратын жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, «құрылыс материалдары нарығы» онлайн-платформасын құру қарастырылуда, бұл материалдар құнын 15% төмендетеді және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді.