• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2020

2020 жылы отандық туризм бизнесі 70-80% шығынға ұшырады

495 рет
көрсетілді

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"2020 жылы туризм бизнесінің шығыны 70-80%-ды құрайды. Ұлттық банктің мәліметінше, туризм мен қызметтерді экспорттау 2019 жылы $2,5 млрд болса, осы жылы бұл көрсеткіш $650 млн құрайтын болады. Туристік фирмалар мен орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 2019 жылы 300 млрд теңге болса, осы жылдың соңына қарай 60-80 млрд көлемінде болады деп болжап отырмыз", - деді ол.

Коронавирус инфекциясына байланысты көптеген туристік фирмалар өз жұмыстарын тоқтатқанымен, қазақстандықтар алыс-жақын шетелдерге тур алуын тоқтатпаған.

"Карантинге қарамастан, шетелде демалғысы келетін туристер саны азаймады. Керісінше, күзгі-қысқы маусымға сұраныс артты. Ағымдағы жағдай турбизнес сұранысын толықтай қамти алмай жатыр. Біз жуық арада жағдайдың қайта қалпына келетініне сенеміз", - деді Туризм комитетінің төрағасы.