• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2020

COVID-19: Бельгия корольдігінің сақтану шаралары

141 рет
көрсетілді

Бельгия билігі COVID-19-дың таралуын тежеу мақсатында азаматтарды қарым-қатынасты азайтуға шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгия Премьер-министрі Софи Вильмес БрюссельдеҰлттық қауіпсіздік кеңесінен кейін өткізген брифингте осы сәрсенбіден бастап 12 жасқа толмаған балаларды есепке алмағанда ересектердің бір-бірмен аралас-құраластықты 5 адамнан асырмауы қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ дүкендерге баруға да шектеу қойылған. Баласын ерткен бір адамға немесе мүгедекті алып жүрсе ғана екі жанның қатар дүкенге кіруіне болады, ал 1,5 метр арақашықтықты сақтай алмайтын жердің бәрінде тұмша тағу міндеттеледі. Мұнымен қатар Бельгия үкіметі елдегі компанияларға мүмкін болған кездің бәрінде мейлінше қашықтан жұмыс істеу жайында кеңес берген.

Осы кеңесте елдегі портты қала Антверпеннің де жағдайы қарастырылды. Ал Антверпен қаласының басшылығы уақыт оздырмай коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылданған. Қазір Антверпен тұрғындарымен қатар провинция халқы  сағат 23.00 ден таңғы 6.00-ге дейін үйлерінен шықпауы тиіс. Тек ауруханаға немесе жұмысқа баратын адамға ғана рұқсат.

Үнемі бірге жүріп, тығыз араласатын адамдардың, оның үстіне 5 жаннан артпайтын болса мейрамхана, дәмхана, барларға бірге барып тамақтануына болады. Ал олардың иелері келген клиенттері туралы мәліметтерді тізіп оны, 1 ай көлемінде сақтауы тиіс.

Көпшілік жиналатын шаралар түгелдей тоқтатылып, фитнес орталықтар жұмысын қаңтарған. Провинция губернаторы Кэти Брекс "Бұл 4 аптаға созылады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына бейжай қарамасаңыз, Антверпенге әзірге келмеңіз. Ал антверпендіктер сіздер де басқа өңірлерге бармаңыздар", деген өтінішін айтқан.

Антверпендегі 550 мейрамхана мен барларды аралап көрген полиция солардың ішінен тұмшалауды талап етпеген 34 –ін жауып та тастапты.