• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Атырау облысы бас санитарлық дәрігерсіз қалды

2570 рет
көрсетілді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садуақас Байғабылов бұдан былай Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмысын қайта жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі апта жұмыс істеген ол әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырды.

"Атырау облысында кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтар (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) құрамындағы миссия орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша ахуал тұрақтанды. Енді өңірдегі  шектеулер талабын сақтау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шаралары маңызды болып қала береді.

Нұр-Сұлтанға оралып, жұмысымды көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде жалғастырамын", - деп жазды ол.