2013 жылғы 17 шілде, Астана, Үкімет Үйі 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілсін.2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі №730 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер1. Осы 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қаржы институттары мен лизинг алушылар жасасқан қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау тәртібін айқындайды. 2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, оператор және қаржы институттары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.3. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату бойынша субсидияларды және оператордың қызметтерін қаржыландыру 214 «Өсімдік шаруашылығы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) қаражатының есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
2. Терминдер және анықтамалар 4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – әкімші);2) әкімшінің жұмыс органы – бағдарламаның әкімшісі айқындайтын құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – жұмыс органы);3) қаржы институттары – әкімшімен және оператормен Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші деңгейлі банктер және/немесе лизингтік компаниялар;4) оператор – бағдарламаны іске асыру шеңберінде қызметтер көрсету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы;5) қаржы лизингі шарты – қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы институты лизинг алушыға лизинг мәнін ұсынады; 6) субсидиялау шарты – әкімші, қаржы институты және лизинг алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингі әкімші қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалатын қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;7) субсидиялау – ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын ішінара арзандату үшін пайдаланылатын лизинг алушыларды мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;8) сыйақы ставкасы – лизинг мәнін пайдаланғаны үшін қаржы институты мен лизинг алушы арасындағы қаржы лизингі шартымен белгіленген сыйақы мөлшері; 9) Комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің, сондай-ақ қаржы институттары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультативтік-кеңесші орган;10) лизинг алушы – кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг мәнін қаржы лизингі шартының талаптарымен сатып алатын лизингтік мәмілеге қатысушы (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, жемшөп әзірлеумен және дайындаумен айналысатын дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтарды қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар);11) қаржы лизингі (бұдан әрі – лизинг) – лизинг беруші сатушыдан меншігіне сатып алған және лизинг шартымен шарттасқан лизинг мәнін лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін үш жылдан кем емес мерзімде пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің түрі;12) қызмет көрсетуші банк – қаржы лизингінің шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) уәкілеттік берген екінші деңгейлі банк; 13) құжаттамалық мониторинг – оператордың қаржы институты ұсынған құжаттардың толықтығын, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі есебінің дұрыстығын, құжаттар пакетінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы;14) төлемдер мониторингі – төлем тәртібінің және қаржы институтының қаржы лизингі шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес арнайы шоттан ағымдағы шотқа субсидияларды аудару дұрыстығының мониторингі.
3. Субсидиялар ұсыну шарттары5. Мынадай:1) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған;2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде субсидиялау жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қаржы институттарымен жасалған; 3) олар қаражат көзі бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болатын қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды. 6. «Агробизнес - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау алған лизинг алушылар бағдарламаға қатысушылар болуы мүмкін.7. Субсидиялау қаржы институттарының лизинг алушылармен 2013 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес жасаған қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады. 8. Лизинг алушы мынадай қаржы лизингі нысандарының (түрлерінің) бірі бойынша ғана бір лизинг мәніне субсидия алады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.9. Субсидиялау қайтарымды лизинг, сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.10. Субсидиялау мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 12 (он екі) айды құрайды. 11. Субсидиялау жылдық номиналды сыйақы ставкасы 14%-дан артық емес қаржы институттарының қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 7%-дан артық емесін лизинг алушы төлейді, ал 7%-ын мемлекет өтейді.12. Егер қаржы институттарының қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының мөлшері жылдық 14%-дан төмен болған жағдайда, онда 7%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын лизинг алушы төлейді. 13. Субсидиялар лизинг алушыларға лизинг мәнінің мынадай басымды топтары бойынша ұсынылады:1) «А» тобы: жемшөп егу, әзірлеу және дайындауға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары:шөптік дақылдарды егу мүмкіндігі бар әмбебап сепкіштер;жемшөп жинау комбайндары;сүрлем жинау комбайндары;тырнауыштар;пішен орғыштар;пішен тайлауыштар;аударғыштар, ысырғыштар;тиегіш - пішен маялағыштар;шөмеле тасығыштар;азық үлестіргіштер;осіне түсетін салмағы 1,4-3,0 тонна сыныбындағы тракторлар; мелиоративтік жұмыстарға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары:лазерлі тегістеуіштер;шеңберлі жылжымалы ирригациялық жүйелер;жаңбырлатқыш және суару машиналары;сорғы станциялары;ор қазғыштар;тегістегіштер;мелиоративтік орғыштар;жылыжайларға, тамшылатып суару жүйелеріне, механикалық суаруға арналған жабдықтар;2) «Б» тобы:ауыл шаруашылығы дақылдарын (жүгері, соя, қызылша, көкөніс және бақшалық дақылдар, мақта) егуге арналған сепкіштер:қызылша тәрізділерді және мақтаны қопсытқыштар;ауыл шаруашылығы дақылдарын (мақта, күріш, астыққа арналған жүгері, картоп, көкөніс және жеміс-жидек дақылдары, пияз) жинауға арналған комбайндар; қызылша тиегіш-тазартқытар;картоп отырғызтыштар;картоп қазғыштар;сабақ жинайтын машиналар;далалық әмбебап үйінді тазалағыштар;айналатын кетпендер;қопарғыш-ұсақтағыштар;күнбағыс жинауға арналған айлабұйымдар;тасымалдағыш-тиегіштер;осіне түсетін салмағы 3-5 тонна сыныбындағы шынжыр табанды тракторлар;3) «В» тобы:тракторлар («А» және «Б» топтарына кіретін тракторлардың түрлерінен басқа);аспалы жабдығы бар астық жинау комбайндары;егу кешендері;сепкіштер («А» және «Б» топтарына кіретіндерден басқа);дестелегіштер;бүріккіштер;минералды тыңайтқышты шашқыштар;трактор тіркемелері; топырақ өңдейтін агрегаттар;сыдыра жыртқыштар;соқалар;дән аршығыштар;тырмалар;трактор таптауыштары;трактор тіркеуіштері;дән лақтырғыштар, дән тиегіштер;тұқым улағыштар;астық кептіргіштер;астық тазалау кешендері.14. Республикалық бюджеттен лизинг алушыларға ұсынылатын осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемі мынадай формуламен анықталады:W1 = 0,5W1а + 0,3W1б + 0,2W1в,мұнда:W1 – бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі, теңге;W1а – «А» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге;W1б – «Б» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге;W1в – «В» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге;15. Комиссия лизинг алушыларға субсидия көлемін өтінімдердің түсу кезектілігі және оларды Комиссияның мақұлдауы тәртібімен бөледі.Субсидиялар көлемін топтар бойынша бөлу осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүргізіледі.Бұл ретте, лизинг алушылардың өтінімдері бойынша субсидиялар көлемі басым тәртіппен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникаларына бөлінеді.Лизинг алушылардың берілген өтінімдеріне сәйкес бір топтың ішінде субсидияларға жалпы қажеттілікті қанағаттандырған және онда бөліп берілмеген қаражат қалдығы пайда болған жағдайда, Комиссия осы қаражат қалдығын өтінімдердің келіп түсу және оларды мақұлдау кезектілігіне сәйкес басқа топтың лизинг алушыларына бөліп береді.
4. Ынтымақтастық туралы келісім жасасу тәртібі16. Әкімші осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурстар) қаржы институттарымен Ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу жөніндегі рәсімдердің басталуы туралы тиісті ақпараттық хабарламаны орналастырады.17. Ынтымақтастық туралы келісім жасасуға ниетті қаржы институттары Операторға мынадай құжаттарды:1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе анықтаманы;2) лизингтік қызметі жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (лизингтік компаниялардан басқа);3) Ынтымақтастық туралы келісім жасасу ниеті туралы қолдаухаты бар қаржы институтының ілеспе хатын (түпнұсқасы) ұсынады.18. Оператор қаржы институтынан осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алғаннан кейін мыналарды:1) 1 (бір) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді;Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда оператор ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қаржы институтына пысықтау үшін қайтарады;2) құжаттар топтамасын қарағаннан кейін екі күндік мерзімде Ынтымақтастық туралы келісімді дайындауды және әкімшімен бірлесіп қол қоюды жүзеге асырады.19. Қаржы институты оператордан Ынтымақтастық туралы келісімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюды және қаржы институты қол қойған Ынтымақтастық туралы келісімді әкімшіге беруді жүзеге асырады.20. Ынтымақтастық туралы келісім жасасу жөніндегі рәсімдерді жүргізгеннен кейін әкімші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қаржы институттарының тізбесін интернет-ресурста орналастырады.
5. Субсидиялар ұсыну кезінде қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі21. Лизинг алушы оған лизинг мәнін уақытша иеленуге және пайдалануға беру туралы өтінішпен қаржы институтына өтініш білдіреді.22. Қаржы институты лизинг алушыны ақындағаннан және онымен қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушының сауалнама-өтінішімен операторға өтініш білдіреді, оған мынадай құжаттар топтамасы қоса беріледі:1) заңды тұлғаны (лизинг алушыны) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама (лизинг алушының мөрімен және қолымен расталған көшірмесі);2) негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақыны төлеу кестесін қоса бере отырып, қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалған қаржы лизингі шартының қаржы институты растаған көшірмесі;3) егер лизинг мәні іс жүзінде берілсе, оны лизинг алушыға беруді растайтын құжаттың қаржы институты растаған көшірмесі.4) лизинг алушының қаржы лизингі шарты бойынша субсидиялау шартын жасасу туралы қолдаухаты бар қаржы институтының ілеспе хаты (тұпнұсқасы).23. Оператор қаржы институтынан осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алғаннан кейін мыналарды:1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде – ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, негізгі борышты және сыйақыны өтеу кестесін есептеудің дұрыстығын, құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ салықтық берешегі болған жағдайда оператор ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қаржы институтына үш жұмыс күні ішінде пысықтау үшін қайтарады;2) құжаттар пакетін қарағаннан кейін – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындылар ресімдеуді және тиесілі субсидиялар көлемін есептеуді;3) құжаттар топтамасын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде –лизинг алушының сауалнама-өтінімін, лизинг алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны және тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін жұмыс органының атына жолдауды жүзеге асырады.24. Жұмыс органы оператордан құжаттар топтамасын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде: Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, оны өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.25. Комиссия отырыстар шеңберінде мынадай іс-шараларды:1) лизинг алушылардың сауалнама-өтініштерін, оператордың қорытындыларын және тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін Комиссия мүшелерінің қарауын;2) талқылаудың нәтижелері бойынша – лизинг алушыны субсидиялау мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады, ол Комиссия отырысын өткізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.Бұл ретте лизинг алушының өтінімін бағдарламаға қатысудан қайтару себебі хаттамада міндетті түрде көрсетілуі тиіс.26. Комиссия қабылдаған шешімнің нәтижелері бойынша жұмыс органы Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін қоса бере отырып, қаржы институтына және операторға хат жолдайды.27. Жұмыс органынан хат алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы институты:1) лизинг алушымен Субсидиялау шартын дайындауды және оған қол қоюды;2) қаржы институты және лизинг алушы қол қойған Субсидиялау шартын әкімшіге қол қоюға беруді жүзеге асырады.
6. Комиссия құру тәртібі28. Субсидияларды бөліп беруді жүргізу үшін әкімші құрамында комиссия төрағасы, төраға орынбасары, мүшелері және хатшысы бар Комиссия құрады. Комиссия құрамы әкімшінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және бес адамнан кем емес болуы тиіс.Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.29. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі мақұлдаған не бас тартқан кезде заңды болып есептеледі.Комиссия отырыстары жұмыс органы құжаттарды қалыптастыруына қарай он күнде бір рет кезеңділігімен өткізіледі.
7. Субсидиялау тетігі30. Қаржы институты жұмыс органынан Комиссия хаттамасының көшірмесін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім кезінде қаржы институты, лизинг алушы мен әкімші арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес лизинг алушы Субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін қаржы институтына төлеуді жүзеге асырады, ал әкімші Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін қаржы институтына төлейді.31. Субсидиялау шарты осы Қағидаларға, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады:1) қаржы институты мен лизинг алушы – жұмыс органынан хаттама көшірмесімен бірге хатты алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;2) әкімші – қаржы институтынан Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.32. Субсидиялау шартын жасасқан және Субсидиялау шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес төлем мерзімі басталғаннан кейін қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар сомасы аударылған жағдайда ағымдағы тоқсанға субсидиялар сомасын аудару лизинг мәнін қабылдау-беру актісінің күнінен бастап кезеңдегі субсидияларды ескере отырып жүргізіледі.33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін қаржы институты және әкімші Субсидиялау шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес және лизинг алушы есептелген сыйақының қалған бөлігін іс жүзінде төлегеннен кейін айқындайды.34. Әкімші жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін қаржы институты арнайы шотқа қызмет көрсету шартының көшірмесін әкімшіге және операторға ұсына отырып, арнайы шот (не заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін – қызмет көрсететін банкте арнайы шот) ашады.35. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды әкімші қаржы институтының қызмет көрсететін банкіндегі арнайы шотына (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотына (екінші деңгейлі банктер) Субсидиялау шартына төлем кестесінің негізінде аванстық төлеммен тоқсан сайын тоқсандық кезеңге субсидияланатын төлемдер сомасының жиынтығын көздейтін мөлшерде жүзеге асырады.Әкімші республикалық бюджеттен қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға оператор ұсынған өтінімді және Субсидиялау шартында белгіленген нысандар бойынша есепті 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді және оларды қарағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит (лизинг) бойынша пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ведомость пен субсидиялар төлеу үшін төлем шоттарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қалыптастырады.36. Лизинг алушы қаржы институтына сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді Субсидиялау шартына сәйкес оған қол қойылған сәттен бастап төлем кестесіне сәйкес жүргізеді.37. Лизинг алушы сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүргізу фактісі бойынша қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өзінің ағымдағы шотына есепке алуды жүзеге асырады.38. Лизинг алушы лизинг бойынша төлемді уақтылы төлемеген жағдайда қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан қаражатты есепке алуды лизинг алушы берешегін өтегенге дейін жүргізбейді және ол туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде (әкімші субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.39. Қаржы лизингі шарты бойынша төлем күні болған және сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаржы институтының арнайы шотында қаражат болмаған жағдайда лизинг алушы толық сыйақы ставкасын төлеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырады, оның субсидияланатын бөлігін әкімші қаржы институтының арнайы шотына қаражат аудару жолымен одан әрі өтейді. Бұдан кейін қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеуді тиісті кезеңге субсидияларды лизинг алушының есеп шотына аудару жолымен жүргізеді.40. Қаржы институты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 15 (он бес) күніне дейін қызмет көрсетуші банк куәландырылған (заңды тұлғаның банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) арнайы шоттан үзінді-көшірменің қосымшасымен бірге лизинг алушыларды субсидиялау туралы есепті және лизинг алушылардан сыйақы сомасын алу туралы есепті операторға береді.41. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін, осы Қағидалардың шарттарына лизинг алушыға төленген субсидия қаражатының көлеміне және мерзімінің сәйкестігіне талдау жүргізеді.42. Егер қаржы институты қаржы лизингінің қолданыстағы шартының талаптарын (лизинг мәнінің құны, сыйақы ставкасы, сыйақыны төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақы төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну) өзгерткен жағдайда, ол қаржыландыру шарттарының өзгеруі бойынша қабылданған шешімнің, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесінің көшірмелері бар құжаттар топтамасымен операторға үш күндік мерзімде хат жібереді. Оператор осы құжаттар топтамасын қабылдап алады, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесіндей есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және Комиссия шешім қабылдау үшін жұмыс органына құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.43. Әкімші жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде бюджеттік Бағдарлама шеңберінде субсидия алған лизинг алушылар туралы, лизингтің түрлерін, банктерді және субсидияланатын техниканың түрлері бойынша олардың сыйақы ставкаларын және әкімші және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітілетін тәртіппен субсидиялардың тиісті сомасын көрсетуді ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдайды.
8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі44. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді Комиссия қабылдайды.45. Әкімші лизинг алушыны субсидиялауды мынадай фактілер анықталған кезде тоқтата тұрады:1) дәлелденген мәліметтер болғанда лизинг алушының шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі, сондай-ақ салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болған жағдайда; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан (борышкерден) лизинг мәнін қайта талап ету; 3) лизинг алушының қаржы институты алдында қаржы лизингінің шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам міндеттемерін орындамауы. 46. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда, жұмыс органы әкімші осындай шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институты мен лизинг алушыны субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді. 47. Жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыға лизинг алушыны субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты жолдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді. 48. Комиссия өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:1) жұмыс органы ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;2) субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;Бұл ретте, қабылданған шешімде субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату, қалпына келтіру себебі көрсетіледі. 49. Комиссия отырысының хаттамасы Комиссия отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Жұмыс органы Комиссияның хаттамасын ресімдегеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін қаржы институтына және лизинг алушыға жібереді. 50. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша:1) лизинг алушыны субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімді келіскен жағдайда; жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыны субсидия төлеудің қалпына келтірілгені туралы хабардар етеді; әкімші субсидиялау тоқтатыла тұрған күннен бастап ол төлемеген кезең үшін субсидиялар төлеуді жүргізеді;2) лизинг алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда, жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыға лизинг алушыны субсидиялауды тоқтату туралы хабарлама жібереді, онда тоқтату күні мен себебі көрсетіледі. 51. Субсидиялар төлеу мынадай: 1) лизинг алушы қаржы институты алдында қаржы лизингінің шарты бойынша лизингті толығымен өтеген. Лизинг алушының қаржы институты алдында қаржы лизингінің шарты бойынша міндеттемелерді толық орындаған күні Субсидиялауды тоқтату күні болып саналады; 2) Комиссия шешімінің негізінде субсидиялау тоқтатылған;3) субсидиялауды тоқтату туралы лизинг алушының бастамасы бойынша;4) Субсидиялау шартын жасауға негіз болған нормативтік құқықтық акті күшін жойған, не көрсетілген актіге Субсидиялау шарты бойынша субсидиялау жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқтыратын өзгерістер енгізілген;5) қаржы институты қаржы лизингінің шарты бойынша қаржыландыру шарттарын өзгерткен жағдайларда тоқтатылады.52. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, қаржы институты қаржы лизингінің қолданыстағы шарты бойынша лизинг алушыға жаңа субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа төлемдерді және басқа шарттарды) белгілеуге құқылы.53. Лизинг алушы лизинг бойынша негізгі борышты ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда, қаржы институты 6 (алты) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген жағдай басталған күнінен бастап операторды жазбаша түрде хабардар етеді. Қаржы лизингінің шарты бойынша негізгі борышты лизинг алушы мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда, қаржы институты қаржы лизингінің шартына қосымша келісім жасалған кезде, төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен субсидиялаудың шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін операторға жібереді. Оператор аталған құжаттардың топтамасын қабылдап алады, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесіндегі есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды Комиссия шешім қабылдауы үшін жұмыс органына жібереді.
9. Бағдарламаның мониторингі 54. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қолданыстағы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының нормаларына сәйкес әкімші жүзеге асырады. Оператор:1) Бағдарламаны құжаттамалық мониторингілеу;2) қаржы институты ұсынатын субсидиялау туралы есепті мониторингілеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.55. Оператордың мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ есептілік нысандары Ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге сәйкес белгіленеді. 56. Оператор төлемдер мониторингі бойынша есепті жұмыс органына есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін тоқсан сайынғы негізде ұсынады.
2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралыүлгілік келісім _____ ж. 20___ ж. «___» __________
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын, бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан ________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын __________________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын ______________________ екінші тараптан осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді жасасты және төмендегілер туралы келісті.
1. Жалпы ережелер1. Осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) шеңберінде жасалды.2. Осы Келісімді жасауға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы ____ ___________ № ____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) болып табылады.3. Осы Келісімде Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұғымдар қолданылады.
2. Келісім мәні4. Әкімші бағдарламаны іске асыру мақсатында Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес лизинг алушылардың сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін қаржы институтына төлеуді жүзеге асырады.5. Осы Келісімге сәйкес оператор лизинг алушылар құжаттарының топтамаларын қаржы институттарынан қабылдауды, құжаттамалық мониторингті, осы Қағидаларда белгіленген талаптарына лизинг алушылардың сәйкестігі және сәйкессіздігі туралы қорытындылар беруді, төлемдер мониторингін жүзеге асырады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері6. Әкімші:1) әкімшіге өтініш жасаған лизинг алушыларға бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультациялар беруге;2) осы Келісімде белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;3) осы Келісімді іске асыру, соның ішінде қаржы институтының міндеттемелерін орындау бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;4) осы Келісімнің іске асырылуын қаржы институты орналасқан жерде олардың жедел қызметіне араласуынсыз тексеруді жүзеге асыруға;5) өзінің ресми веб-сайтында бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;6) лизинг алушының Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы институты алдындағы төлем кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындау барысы туралы құжаттар мен ақпаратты қаржы институтынан сұратуға;7) осы Келісімде және Субсидиялау шартында көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.7. Әкімші:1) қаржы институтының қызмет көрсететін банкінде (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) ашылған арнайы шотына не қаржы институтының (екінші деңгейлі банктер) есеп шотына субсидиялар сомасын аударуға;2) Комиссияға осы Келісімде көзделген ақпаратты ұсынуға;3) осы Келісімде белгіленген мерзімдерде Комиссияны шақыруға және Комиссияның шешімдерін осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеуді қамтамасыз етуге;4) Комиссия отырысының хаттамасын қаржы институтына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге;5) Бағдарламаны іске асыру мониторинг жүзеге асыруға міндеттенеді.8. Қаржы институты:1) өзінің қалауы бойынша және өзінің тәуекелімен лизинг алушылардың қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;2) әкімшіден осы Келісімнің және Субсидиялау шартының шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;3) әкімшіні лизинг алушыны ағымдағы тоқсанда субсидиялау үшін қаражаттың жетіспеушілігі туралы хабардар етуге құқылы.9. Қаржы институты:1) қаржы институтына өтініш білдірген лизинг алушыларға бағдарлама шарттары және қатысу тәртібі туралы білікті консультациялар беруге;2) әкімші ұсынатын қаражатты Субсидиялау шартына сәйкес Қаржы лизингі шартының субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;3) операторға есептелген сыйақы мен жүргізілген төлем туралы ақпарат ұсынуға;4) лизинг алушы Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес қаржы институты алдында лизингтік төлемдерді күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзіммен қатарынан 3 (үш) және одан көп рет орындамаған жағдайда бұл туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге. Бұл жағдайда әкімшіге көрсетілген мән-жайлардың басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатыла тұрады;5) осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге міндетті.Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрменсіздер санатына көшкен лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында қаржы институтының үшінші тұлғаларға Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушыларға талап ету құқықтарын беру жағдайларына таратылмайды;6) әкімшінің бірінші талабы бойынша әкімшінің талап етуін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қаржы лизингі шарты мен осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ ол бойынша әкімші тарапынан субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің мониторингі бойынша негізделген қажетті, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты беруге;7) Қаржы лизингі шартында субсидиялау туралы мәселені қарау кезеңінде, сол сияқты субсидиялау туралы шешім қабылдағаннан кейін де лизинг алушының банктік/коммерциялық құпияны осы Келісімнің Тараптарына жария етуіне келісімін бекітуге;8) қаржы институтының заңды мекенжайы, пошталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекенжайы өзгерген кезде әкімшіге осындай өзгерістер туралы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайдағы ықтимал салдарлар үшін қаржы институты жауаптылықта болады;9) қаржы институтының қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ қаржы институты акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе оның өзгеше біржолғы ауысуы және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы 3 (үш) жұмыс күнінен жазбаша түрде кешіктірмей хабарлауға;10) бағдарлама шеңберінде лизинг алушымен қаржы лизингі шартын жасасқан кезде бюджет қаражатының көздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдаланбауға;11) Арнайы шотты ашу және жүргізу шартында шоттардан белгіленген мерзімдерде субсидиялауға бағытталған қандайда бір сомаларды алу туралы құжаттамамен расталатын ақпаратты ұсынуға қатысты міндеттерді қызмет көрсететін банкке жүктеуді бекітіп беруге міндетті.10. Оператор:1) іске асырылатын бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;2) құжаттардың толық емес топтамасын не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қаржы институтына пысықтауға қайтаруға;3) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингін және төлемдер мониторингін жүргізуге құқылы.11. Оператор:1) лизинг алушылардың тізімдерін, олар бойынша қортындыларды және әкімшіге тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін уақтылы жолдауға;2) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингі