• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2020

Тағы 3 қазақстандық кәсіпорын Қытайға сүт экспорттайды – АШМ

388 рет
көрсетілді

Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды. Бұл туралы АШМ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Олар: "Гормолзавод" ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), "Дәулет-Бекет" (Талды-Қорған, Алматы облысы) және "Лидер-2010" (Рудный, Қостанай облысы).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы ​​Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты  үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.