• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Шілде, 2020

Атбасар ауданында өрт кезінде үш бала қаза тапты

556 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Үйде көпбалалы отбасы, 7 адам тұрған, олар 1979 және 1981 жылдары туған ата – анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.  

Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады.

Сағат 06:40-та өрттің беті қайтып, сағат 08:25-те сөндірілді. Қазіргі таңда үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында үш баланың мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Сонымен қатар Көкшетау қаласынан Өрт сынақ зертханасы жіберілді.