Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылғаны белгілі
"5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 мың 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды. Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т.б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады", - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.