• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Шілде, 2020

Қазақстандық әуе компаниялары тоқтатылған рейстер үшін жолаушылар шығынын қайтарады

392 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтық авиация саласында азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бек Эйр-дан басқа, Комитет қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында төтенше жағдай кезінде жойылған рейстерге билеттердің құнын қайтару бойынша Scat, Air Astana, Fly Arystan авиакомпанияларымен өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінгі таңда Комитетпен осы уақытқа дейін ақшалай қаражаты өтелмеген азаматтардың тізімі жасалуда.

Осыған байланысты, отандық авиакомпаниялардың тоқтатылған рейстері үшін қаражат алмаған азаматтар (төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты) билетті сатып алғанын растайтын барлық құжаттарды (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, авиабилет, төлемді растау) қоса бере отырып, ТҚҚК-не жүгінуі қажет.

ТҚҚК-нің атына өтініш электрондық үкімет порталы арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app. Поштамен мына мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс. Сондай-ақ телеграмм-бот арқылы: kzpp_bot.

Естеріңізге сала кетейік, "Бек Эйр" АҚ әуекомпаниясына ТҚҚК-нің 2 талап арызын Алматы қаласының Түрксіб соты толық көлемде қанағаттандырды. 990 тұтынушының мүдделері қорғалды. Сот "Бек Эйр" АҚ-на тоқтатылған рейстерге билеттер үшін азаматтарға жалпы 60,1 млн теңге қайтаруды міндеттеді.