Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз", - деді Руслан Дәленов.