Режиссер Іңкәр Әбдіраштың "Ұмай" ("Мальчик у окна") қысқаметражды фильмі 2020 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival Халықаралық кинофестивальде (Словакия) "Үздік режиссер-дебютант" сыйлығының иегері атанды.
KIMFF фестивалінің мақсаты дүниежүзіндегі талантты режиссерлерді қолдап, оларды насихаттау. Словакияның жас кинематографистерінен құралған фестивальдің қазылар алқасы әр ай сайын жеңімпаздарды анықтайды. Жыл соңында лауреаттар өз номинациясы бойынша кинофестивальдің басты жүлдесі үшін күреске түседі. Жылдық жүлделерді табыстау рәсімі 2021 жылы мамырдың 26 мен 28 аралығына жоспарланған.
Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" шығармашылық бірлестігі түсірді.