• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2020

Атырауда 7 899 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

386 рет
көрсетілді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Серік Қамидолланың мәліметіне сүйенсек, 1 шілдеге дейін  1 387 отбасының 7 899 адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты, - деп жазады Egemen.kz

"Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай берілетін түрін алушылардың арасында  еңбекке қабілетті адамдар саны 2 154-ті құрайды. Оның ішінде 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 431-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 610-ы бала күтіміндегілер, ал, 36-ы – өзге санаттағылар", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Серік Қамидолла.