• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2020

Тамыз айында 42 500 теңге төлемнің жартысы беріледі

519 рет
көрсетілді

Карантин кезінде табысынан айырылғандарға тамыз айында 21 250 теңге беріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Карантин режимінің тағы 2 аптаға созылуына байланысты БАҚ өкілдері "42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем тамыз айына да беріле ме?" деген сұрақ жолдады. Оған Вице-Премьер Ералы Тоғжанов жауап беріп, тамыз айында 42 500 теңге емес, оның жартысы берілетінін айтты.

"Бұл мәселе бойынша бүгін Президент тікелей тапсырма берді. Тамыз айына 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге төленеді", - деді Ералы Тоғжанов.

Қазақстанда карантин режимі тағы 2 аптаға созылса, ол шамамен 16 тамызда аяқталады.  Айта кетейік, індеттің тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді.