• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2013

Үндістанда ондаған адам қолдан жасалған ішімдіктен уланып қаза тапты

292 рет
көрсетілді

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штаты Азамгарх округінде 37 адам қолдан жасалған ішімдіктен уланып қаза тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Уттар-Прадеш штатының бас министрі Акшилеш Ядав осы оқиғаға байланысты он адамды қызметінен босатуға шешім қабылдады. Оның ішінде тауардың сапасын тексерумен айналысатын бірнеше шенеунік пен сауда орындарында тексеру жүргізетін полиция қызметкерлері бар.

Ди-эн-эй газетінің ақпары бойынша, қолдан жасалған ішімдік жергілікті шарап сататын дүкендерде көлемді мөлшерде сатылған.

Өткен жылдың желтоқсан айында Үндістанның Батыс Бенгалия штатында 100-ден аса адам метил спиртінен уланып қаза тапқан болатын.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар