• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Шілде, 2020

«Самұрық-Қазына» қоры жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады

259 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаржылық көрсеткіштерді жоспардан асырып орындады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қаржы және экономика жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ баяндады.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қаң­тар-маусым айлары аралығындағы қор мен компаниялар тобының операциялық кірісі 215 млрд теңгені құрады. Ал бұл жос­пардағы межеден 79 млрд теңгеге көп.

 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компания тобының 2020 жыл­дың І жартыжылдығындағы таза кірісі 212 млрд теңге болып отыр. Не­гіз­гі жос­пар бойынша 150 млрд тең­ге көле­мінде шығын күтілген. 2020 жыл­дың соңына дейін компанияның таза кірісі жос­парда 167 млрд теңге деп көрсе­тілге­ні­не қарамастан, кіріс 421 млрд теңге дең­гейінде болады деп күтілуде.

Ернар Жанәділдің сөзіне қарағанда, на­рықтағы дағдарыстық тенденциялар топтың қаржылық нәтижелеріне айтар­лықтай әсер еткен. Дегенмен қордың портфельді компаниялары Covid-19 пандемиясы салдарынан жаңартылған жос­парлы көрсеткішті орындап жатыр және қаржылық тұрақтылықты сақтау бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

 «2019 жылдың қорытындысы бо­йынша Қор 206 млрд теңге көлемінде таза пайда алды. Дивидендтерді төлеуші ретінде Қор барлық кірісті мемлекетке жібереді. 2019 жылы КАП акцияла­ры­­нан қосымша орналастырудан түс­кен 49 млрд теңгені Ұлттық қорға бағыт­тады. Сонымен қатар 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша Қор Үкіметке 120 млрд теңге көлемінде дивидендтер жібереді. Қордың жалғыз акционері Үкі­­меттің тапсырмасына сәйкес  қалған қаражат Түркістан және Нұр-Сұлтан қала­­лар­ындағы әлеуметтік нысандарды қаржы­ландыруға жұмсалады», дейді Ернар Жанәділ.

Онлайн-брифинг барысында қор порт­фельдік компаниялардың қаржы ресурс­тарын басқару мәселесіндегі тәсіл­ді қайта қарап, нарықтағы  жағдайға бай­ланысты шығыстарды қысқартқаны мәім болды.

«Сыртқы ортадағы үлкен өзгерістерді ескере отырып, компанияның жаңар­тыл­ған даму жоспарына сәйкес топ шығын­дарды 429 млрд теңгеге қысқартты. Топ­тың компаниялары өндірістегі шығын­дар мен компаниялардың страте­гия­лық мақсаттарын ескере отырып, шы­ғын­дарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдады», деді Ернар Жанәділ.

2020 жылдың 6 айында қор тобы бо­йын­ша дебиторлық берешек 60 млрд тең­геге төмендеп, 661 млрд теңгені құрады.

Ернар Жанәділ оң қаржылық көр­сет­кіштер мұнайдың орташа бағасының өсуіне, теңгенің долларға қатысты баға­мының нығаюына, сондай-ақ компаниялар тобы қызметінің нәтижелеріне байланысты екенін жеткізді.

Бірінші жартыжылдықта макро­эко­номикалық ахуалдың нашарлауына қарамастан, қордың жалпы борышы 3,9%-ға аздап ұлғайған. Бұл ретте топтың сыртқы борышы жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеді. Ернар Жанәділ жалпы қарыздың 8,8 трлн теңгеден 9,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюын теңгенің әлсіреуімен байланысты- рады.

Сөз соңында Ернар Жанәділ Топтың қаржылық тұрақтылығын нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалғасатынын хабарлады.